Бүгін Қытайдың Таоюань қаласында садақ атудан Азия Кубогының 1-кезеңі аяқталды. Қазақстандық мергендер соңғы жарыс күні 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Әуелі құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуден Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Үндістанға есе жіберіп (215-227), күміс жүлдегер атанды. Ел намысын бұл жолы Виктория Лян, Адель Жексенбинова мен Роксана Юнусова қорғады.
Ал Роксана Юнусова мен Андрей Тютюн аралас жұптар арасында (құралмалы садақ) ақтық сында Таиланд спортшыларын жеңіп (152-151), алтыннан алқа тақты. Алайда Ильфат Абдуллин мен Алина Ілиясова дуэті аралас бағдарламада (классикалық түрі) бас жүлде жолында Бангладеш құрамасынан жеңіліп қалды. Есеп: 3-5.
Осылайша, біздің мергендер Таоюань қаласында 1 алтын, 2 күміс пен 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуден Қазақстан ерлер құрамасы үздік үштікті түйіндеген.
Қазақстандық садақшылар Азия Кубогында төрт медаль жеңіп алды
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары