Жаңалықтар

Қазақстандық садақшылар Азия Кубогында екі медаль жеңіп алды

Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында садақ атудан Азия Кубогы өтуде
Қазақстандық садақшылар Азия Кубогында екі медаль жеңіп алды
Фото: kazsports.kz 24.12.2022 21:50 1864

Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында садақ атудан Азия Кубогының 3-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Қазақстан құрамасы бір күміс және 1 қола медальге қол жеткізді. Қос жүлде де құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуде бұйырды. Кейде блок садақ деп те аталатын бұл бағдарлама Олимпиада бағдарламасына кірмейді. 

Аралас командалық сында біздің мергендер (Акбарәлі Қарабаев пен Роксана Юнусова) финалға жетіп, шешуші сайыста Оңтүстік Кореяға (Юхён Ох пен Ёнджун Юн) 152-153 есебімен жол берді. Қола медаль Бангладеш құрамсына бұйырды. 

Акбарәлі мен Роксана ширек финалда Гонконг, ары қарай Вьетнамнан келген қарсыластарынан басым түскен.

Сосын әйелдер құрамасы командалық бәсекеде қола жүлде үшін таласта Бангладешті жеңді. Есеп: 219-205. Ел намысын Виктория Лян, Роксана Юнусова мен Диана Макарчук қорғады. Финалда Оңтүстік Кореяны жеңген Үндістан садақшылары жеңіске жетті. Айта кетейік, Қазақстан ширек финалда БАӘ-ні 220-201 есебімен ұтқанымен, жартылай финалда Үндістаннан ұтылды (217-229). 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға