Жаңалықтар

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті
Фото: ТЖМ 07.02.2023 20:51 2361

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Ибрахимили ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

Құтқару жасағы екі топқа бөлінді, олардың әрқайсысы қиын учаскелер - қираған тұрғын объектілерді тексеруде.

Біріншісі - бұл алты қабатты үй, оның толық қирау қаупі бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, адамдар үйде қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта кинологиялық есептер іздеу жұмыстарына кірісті. Егер адам табылса, иттер тиісті белгі беріп, оларды үйінді арасынан шығарып алу жұмыстары басталады.

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті

Екіншісі - бұл толығымен қираған тұрғын үй, онда адамдар да болуы мүмкін. Жедел ақпарат бойынша құтқарушылар үйінді астынан қайтыс болған адамның денесін шығарды. Мұнда құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеп, іздеу жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін үйінді астына түседі.

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті

Екі объектіде де құтқарушылар адамдардың болу фактілері толық жойылғанға дейін жұмыс істейтін болады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға