Жаңалықтар

Қазақстандық қос теннисші Монреаль додасына қатысады

Қазақстандық қос теннисші Монреаль додасына қатысады
Фото: ҚР теннис федерациясы 05.08.2023 17:55 1253

7-13 тамыз күндері аралығында Монреаль қаласында  өтетін WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина аталған жарысты екінші айналымнан бастамақ. Отандасымыз екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы Елена Остапенко немесе рейтингте 1056-орында тұрған америкалық Дженнифер Брэди жұбының жеңімпазымен сынға түседі. 

Әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, Польша өкілі Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенко да аталған мастерс сынында өз әлеуеттерін тексереді. 

Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева іріктеу сайыстарына қатысады деп күтіліп отыр. Ол ертең рейтингте 860-сатыдағы канадалық Мия Купреспен кездесу өткізеді. Егер ол М.Куперсті жеңсе, іріктеу сайыстарының финалында қос аустралиялық, әлемнің 114-ракеткасы Кимберли Биррел немесе рейтингте 163-сатыдағы Дарья Сэвилл жұбының жеңімпазымен шеберлік басқасып көреді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға