Жаңалықтар

Қазақстандық қос атлет көркем жүзуден олимпиада жолдамасын иеленді

Қазақстандық қос атлет көркем жүзуден олимпиада жолдамасын иеленді
Фото: olympic.kz/ ©Sabirov Sali 11.02.2024 09:20 495

Су спорты түрлерінен Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында көркем жүзуден лицензия иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада елдеріне квота бұйырды. Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне берілді. 

Осыған орай дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алып отыр. Осылайша Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қорытындысы бойынша олимпиадаға баратын болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға