Жаңалықтар

Қазақстандық полицейлер Польшадан келген саяхатшыларға көмек көрсетті

Қазақстандық полицейлер Польшадан келген саяхатшыларға көмек көрсетті
Фото: polisia.kz 17.12.2022 21:56 943

Қазақстандық полицейлер Польша мемлекетінен келген саяхатшыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Қызылорда облысы Төретам кентіне Польша мемлекетінен Өзбекстан Республикасына велосипедпен туристік сапармен кетіп бара жатырған Польша елінің азаматтарына күннің суық болуына аталған бағытқа қарай жетулеріне көмек көрсетілді, яғни Польша елінің 5 азаматы Төретам кентіне келіп, кенттен велосипед арқылы Өзбекстан Республикасына қарай бармақшы болған, алайда күннің суық болуына байланысты олар жолға шыға алмай Төретам кентінде ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері шетелдіктерге көрші елге қалай жетуге болатынын айтып, велосипедтерімен бірге автобусқа отырғызып көмек көрсеткен. Олар өз кезегінде полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға