Жаңалықтар

Қазақстандық пилот бүкіл әлемді таңғалдырды

Қазақстандық пилот бүкіл әлемді таңғалдырды
Фото: Видеодан кадр 05.01.2024 09:20 1788

Лондондағы “Хэнк” дүлей дауылы кезінде Air Astana ұшағы аспанда тербеліп, әуежайға сәтті қонған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Лондонның Хитроу әуежайынан түсірілген көріністе отандық әуе компаниясының ұшағы аспанда тербеліп барып, жерге қонып жатыр. Оқиға куәгерлері пилоттың шеберлігіне таңданысын жасырмады.

Бұл соңғы үш айда тіркелген сегізінші табиғи апат. Оған “Хэнк” деген атау берілді. Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін жетіп, халықты әбігерге салды. Шатырларды құлатып, ағаштарды түп тамырымен жұлып әкетті. Жеңіл көлік және теміржол қатынасы тоқтады. Су тасқыны туралы 250-дей ескерту жасалды, мыңдаған абонент жарықсыз отыр. Тұрғын үйлер судың астында қалып, халықтың өміріне қауіп төнді, - деп жазды  Kazinform тілшісі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BBC News (@bbcnews)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға