Жаңалықтар

Қазақстандық пара хоккейшілер B-pool әлем чемпионатында Финляндияны жеңді

Қазақстандық пара хоккейшілер B-pool әлем чемпионатында Финляндияны жеңді
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 10.10.2023 14:19 635

Хоккейден қазақстандық құрама команда Астанада өткен әлем чемпионатында Финляндия құрамасын 6:1 есебімен жеңді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бірінші кезеңнің екінші минутында қазақстандықтар есеп ашып үлгерді. Алмас Ахметов команданы алға шығарды. Екінші кезеңде Бексұлтан Жәнібектархан мен Мақсат Мианов соққан екі голдың арқасында басымдығымыз арта түсті.

Екінші кезеңнің басында, 26 минутта финдер Қазақстан қақпасына матчтағы жалғыз голын соқты.

Үшінші кезең Қазақстан құрамасы үшін ерекше болды. Алмас Ахметов дубль авторы атанды. Ал кездесудің соңғы голын 45-минутта команда капитаны Қуат Карипбаев соқты.

Қазақстан құрамасының матчтағы үздік ойыншысы атағына Алмас Ахметов ие болды.

Қазақстан келесі кездесуін 10 қазанда Швеция құрамасымен өткізеді. Bpool хоккейден әлем чемпионаты 11 қазанға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға