Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар робототехникадан жүлделі орынға ие болды

Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты
Қазақстандық оқушылар робототехникадан жүлделі орынға ие болды
Фото: gov.kz 20.11.2022 09:15 1511

Қазақстандық оқушылар алғаш рет робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орынға ие болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz.

 

«Оқушыларымыз кезекті рет өте жоғары деңгей көрсетіп, алғаш рет робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орынға ие болды. Жарыс Германияның Дортмунд қаласында өтті. Шымкент қаласындағы Ж. Жабаев атындағы №26 мемлекеттік мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш жеңімпаз атанды», - деді министр.

World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиаданың 2014 жылдан бергі қатысушысы.

Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты.
Ал іріктеу кезеңіне бүкіл әлем бойынша 15 000 команда қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға