Биылғы жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында қазақстандық құрама Грузияда өткен EJOI-2023 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысты. Мұнда әлемнің 24 елінен 96 қатысушы өзара бәсекеге түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
EJOI халықаралық IOI информатика олимпиадасының ережелері мен стандарттарын ұстанады. Бұл маңызды оқиға, Еуропа Кеңесінің мүше- мемлекеттерінде IT-индустрия элитасының даму сатысы.
Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алды:
Алтын - Мамадахунов Мансур - Қызылорда қаласындағы С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Күміс - Серікбай Сұңғат - Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Күміс - Аменов Әлем - Семей қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Қола – Алдамжаров Әлішер - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері: Сатылханов Темірлан Қайратұлы-Astana IT университетінің оқытушысы және Нұрмаш Айдос – халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.
Қазақстандық оқушылар информатикадан олимпиадада 4 медаль жеңіп алды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды