Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
Фото: gov.kz 12.12.2022 17:08 1041

Қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында рекорд жаңартты,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Оқушыларымыздың халықаралық аренадағы жеңісті жолы жалғасып жатыр. Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар.

Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты.

Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты. Жүлдегерлерді жоғары нәтижемен құттықтаймын! Оқушыларға жаңа жеңістер тілеймін!", - деп жазды министр Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға