Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар астрономиядан халықаралық олимпиадада топ жарды

Қазақстандық оқушылар астрономиядан халықаралық олимпиадада топ жарды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 23.11.2023 14:19 437

Қазақстандық оқушылар астрономиядан халықаралық «Owao» олимпиадасының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«OWAO» астрономиядан екінші ашық халықаралық олимпиадаға қазақстандық құрама команда қатысты.

Жеңімпаз болғандар: Алтын – Дамир Әленов. Күміс – Ахмаджон Табаров, Бекасыл Елубай, Уәлихан Қылышбек және Заңғар Сүннатов.

«OWAO» ең жас олимпиада болып саналады. Ол әлем бойынша үздік астрономиялық дәстүрлер мен пән мамандарын біріктіреді. Биыл олимпиадаға 14 елдің өкілдері қатысты.

Қазақстан құрамасы олимпиадада дайындығының, білімі мен шеберлігінің жоғары деңгейлерін көрсете білді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға