Жаңалықтар

Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды

Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды

7–13 мамыр аралығында Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті. Шығыс Қазақстан облысындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылар арасынан ең үздік қатысушы атанды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді. Алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды. Олар:

1-орын: Алдияр Амангелді – Өскемен қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
2-орын: Әли Мендеке – Семей қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
2-орын: Мейірбек Мұрат – Орал қаласынан НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;
2-орын:Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы;
2-орын:Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
2-орын:Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласынан РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

Команданың жаттықтырушылары — Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Максотов.

Айта кетсек, Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы қазақстандық оқушылар 4 медаль жеңіп алған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға