Жаңалықтар

Қазақстандық өндірушілер Душанбеге ауыл шаруашылығының өнімдерін апарды

Қазақстандық өндірушілер Душанбеге ауыл шаруашылығының өнімдерін апарды
Фото: gov.kz 17.09.2023 22:11 435

Қазақстандық ауыр шаруашылығы өнімдері Душанбедегі Орталық Азия елдерінің тауар өндірушілерінің көрмесінде ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алаң АӨК өнімдерін ілгерілетуге, сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы кәсіпкерлер арасында іскерлік байланыстарды орнатуға және кеңейтуге ықпал етуі тиіс.

Қазақстандық стендтің жекелеген бөлігі астықты терең өңдеу өнімдерімен ұсынылды, олардың өндірушілері - «BioОperations» ЖШС және «Азия Агрофуд» АҚ.

Отандық кәсіпкерлер инновациялық өнімдерін таныстырды. «Бату Агро» ЖШС өкілдері көрмеге ірі қара мен ұсақ мал терісінен өндірілген жемшөп қоспаларын әкелді. Сондай-ақ «Элеватор Тайынша» ЖШС жем зауытының өнімдері қойылды.

Дәстүрлі түрде Қазақстанның визиткалық карточкасы болып табылатын өнімдері – ұн, түйе және бие сүті, өсімдік майлары ұсынылды.

«Баян Сұлу» АҚ фабрикасының кондитерлік өнімдері мен Қазақстанда өсірілетін француз жүзім сорттарынан өндірілетін «Silk Alley» ЖШС шарабы ерекше қызығушылық тудырды.

Жалпы, көрме Орталық Азия елдерінің жоғары лауазымды өкілдері мен  шараға келушілерді АӨК отандық өнімдерінің алуан түрі және жоғары сапасымен таныстырып, сауда мен әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға