Жаңалықтар

Қазақстандық миллиардер «Формула-1» командасын сатып алды

Қазақстандық миллиардер «Формула-1» командасын сатып алды
Фото: ©AP/Joan MONFORT 27.06.2023 09:03 665

Қазақстандық миллиардер Владимир Ким құрамына алты жарыс командасы кіретін Hitech Global Holdings компаниясының 25% акциясын сатып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Компания таратқан мәліметте келісім сомасы көрсетілмеген.

Негізі Владимир Ким спорт тұрақты түрде инвестиция жасап жүреді. Ол бір кездері боксшылар Серік Сәпиев пен Геннадий Головкинге көмектескен. Одан қалды бірқатар теннисшіге де қол ұшын созған.

Hitech GP командасы "Формула-2" және "Формула-3" санатындағы чемпионаттарға 2002 жылдан бері қатысып келеді. Жақында "Формула-1-дің" лицензиясына ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға