Жаңалықтар

Қазақстандық маман теннистен мінбедегі төрешінің қола белгісін алды

Қазақстандық маман теннистен мінбедегі төрешінің қола белгісін алды
Фото: ҚР теннис федерациясы 28.02.2024 04:34 284

Қазақстандық төреші Владлена Саменкова теннистен мінбедегі төрешінің қола белгісіне ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ақтөбелік В.Саменкова еліміздің батыс аймағынан алғашқы болып осындай халықаралық санатқа қол жеткізді.

Қола белгісі бар төрешілер WTA челленджерлері мен жарыстарында, АТР додаларының бастапқы сатысында, «Үлкен дулыға» турнирінің іріктеу сайыстарында, сондай-ақ жұптық матчтар мен микстерде қазылық етеді.

Соңғы жылдары Silver badge және Bronze badge санаты бар халықаралық дәрежедегі төрешілер қатарына Қазақстаннан Юлия Игнатченко, Меруерт Каукеева, міне, енді Владлена Саменкова қосылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға