Жаңалықтар

Қазақстандық колледж студенттері Германияда тағылымдамадан өтеді

Қазақстандық колледж студенттері Германияда тағылымдамадан өтеді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 10.04.2024 20:36 281

Еліміздегі колледж студенттері үшін алмасу бағдарламасы бойынша Германияда білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы «Болашақ үшін кәсіби кадрларды дамыту және даярлау» Қазақстан-Германия форумы шеңберінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ пен «Fav service gGmbH» неміс компаниясы келісімге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, тараптар Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Қазақстандық студенттерге Германияның 60 мың өндірістік кәсіпорнының кез келгенінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін дуальды білім беру бағдарламасына ерекше назар аударылатын болады.

Қазіргі уақытта Тюрингия қаласындағы колледждермен ынтымақтастық мәселесі пысықталуда. Олардың білім беру моделін зерделеп, академиялық мобильділігімізді пайдаланғаннан кейін, алмасу бағдарламасына мектеп түлектері, колледж студенттері қатыса алады, - деді Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Бағдарламаға жеке меншік колледждердің студенттері де қатыса алады. Сондай-ақ колледж педагогтері үшін оқыту семинарларын өткізу жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға