Жаңалықтар

Қазақстандық каратэшілер Хорватияда 7 медаль жеңіп алды

Қазақстандық каратэшілер Хорватияда 7 медаль жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 04.07.2023 00:09 585

Пореч қаласында (Хорватия) өткен WKF каратэден «Karate1 Youth League - Porec 2023» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар 7 медаль иеленді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Жарысқа барлығы 72 елден 3275 татами шебері жиналған, оның ішінде Қазақстан құрамасының 20 каратэшісі де бар.

Турнир қорытындысы мынадай:

1-орын - Кәусар Естеусіз (48 кг)

2-орын - Кирилл Москвичев (55 кг)

2-орын - Нұрия Тізімбай (68 кг)

3-орын - Максим Москвичев (61 кг)

3-орын - Ақниет Шеризат (50 кг)

3-орын - Жоламан Биғабыл (60 кг)

3-орын - Әлихан Қадырғали (70 кг).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға