Жаңалықтар

Қазақстандық каратэші Азия чемпионы атанды

Қазақстандық каратэші Азия чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 22.07.2023 05:30 1105

Софья Берульцева Азия чемпионатының алғашқы күні құрама қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасында XIX Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар. Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады.

Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Финалға шыққан тағы бір отандасымыз Дидар Әмірәлі қарсыласқа жол беріп, күміс медаль алды.

Кумитеде Жоламан Биғабыл (55 кг), сондай-ақ ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева қола жүлдеге ие болды.

Азия чемпионаты 23 шілдеде аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға