Жаңалықтар

Қазақстандық инфлюенсерлер Nickelodeon сыйлығына үміткер атанды

Қазақстандық инфлюенсерлер Nickelodeon сыйлығына үміткер атанды
Фото: kca.mundonick.com 07.02.2023 14:22 963

Балаларға арналған әлемдегі ең беделді ойын-сауық брендінің бірі Nickelodeon жыл сайынғы Kids Choice Awards сыйлығының үміткерлерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл салтанатты рәсім 4 наурызда Лос-Анджелесте өтеді және мұнда балалар арасындағы кино, теледидар, музыка, спорт және әлеуметтік желілер әлемінің ең танымал өкілдерін, сонымен қатар балаларға арналған сүйікті әндер, фильмдер, телешоулар мен сериалдар да атап өтіледі.  Биылғы жылы  Kids Choice Awards сыйлығына Бейонсе, Крис Эванс, Леди Гага, Селена Гомес, Лиззо, Гарри Стайлс, Серена Уильямс, Эд Ширан, Тейлор Свифт және тағы басқалар ұсынылды. Алғаш рет ұсынылғандардың арасында Дженна Ортега, Джек Харлоу, GAYLE, Джоджи, Ники Юр, Летиция Райт және басқалар бар. «Очень странные дела» сериалы алты номинация тізімінің көш басында тұр, одан кейінгі орындардан әрқайсысы төрт номинациядан тұратын «Ох уж эта Лэй-Лэй», «Классный мюзикл: Мюзикл» және «Волшебные покровители: Еще волшебнее» сериалдарын көруге болады.

Бұған қоса, Nickelodeon Kids' Choice Awards сыйлығы әлемдік супер жұлдыздардан басқа, әлемнің әр тарапындағы инфлюенсерлер үшін аймақтық номинацияларды да қамтиды. Биылғы жылы салтанатты рәсім тарихында алғаш рет Қазақстаннан «Сүйікті қазақстандық инфлюенсерлер» номинациясы бойынша төрт үміткер: Алина Ким (Homa), Амина Малгаждар (Аминка Витаминка), Жасмин Сайделдинова (Jessysclick) және Батыр (Batyr White) сайысқа түсетін болады.

Үміткерлердің бүкіл әлем бойынша жанкүйерлері  Kids Choice Awards-тың https://kca.nick.tv/vote/ ресми сайтында 31 категория, сонымен қатар әлем бойынша, аймақтарда қолжетімді болатын 32 халықаралық категорияға өз дауыстарын бере алады.

Осы жылы Nickelodeon Kids Choice Awards 2023 салтанатты рәсімі көрермендерді сиқырлы және ерекше әлемгемен таң қалдырады. Теңдесі жоқ трюктер, белгілі тұлғалардың қатысуымен өтетін қызықты ойындар, сиқырлы иллюзиялар мен фокустар,  Nickverse-те интерактивті элементтер және мұнымен қоса, әрине көптеген слаймдар да қамтылады.

Nickelodeon Kids' Choice Awards 2023 бүкіл әлем бойынша түрлі платформаларда  көрсетіледі, оның ішіне Nickelodeon, TeenNick, Nicktoons, Nick Jr. арнасы, TVLand және MTV2 арналары кіреді. Қазақстанда салтанатты рәсімді 8-наурыз күні сағат 20:00-де, қазақ тілінде Nickelodeon HD арнасынан көруге болады. Аймақтық номинация жеңімпазы сол күні арнасының Instagram  желісіндегі @nickelodeon_kz. парақшасында жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға