Жаңалықтар

Қазақстандық хоккейші қыздар әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық хоккейші қыздар әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: Видеодан алынған кадр 17.01.2024 08:31 603

Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының ІІ дивизионы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, А тобына түскен Қазақстан құрамасы Түркияның қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, ірі жеңіске жетті. Осының арқасында еліміздің хоккейшілері топтан шығу мүмкіндігін нығайта түсті.

Айта кетейік, кешегі Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы 1-турдағы матч 0-4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталған. Жалпы ІІ дивизионда Қытай, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания, Түркия мен Қазақстан қатысып жатыр. 

Қазақстан енді 18 қаңтарда Латвиямен, сосын Қытай және Нидерланд екеуімен бір күні (21 қаңтарда) ойнайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға