Жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар тау-кен жұмыстарын жүргізу технологиясын жетілдірмек

Қазақстандық ғалымдар тау-кен жұмыстарын жүргізу технологиясын жетілдірмек
Фото: Видеодан кадр 26.02.2024 08:17 400

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Рудный индустриялық университетінің тыныс-тіршілігі жайында баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рудный индустриялық университеті мен «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ арасындағы ынтымақтастық 1959 жылдан бастау алады. Кәсіпорынды кадрлармен қамтамасыз ету үшін Рудный индустриялық университеті көп жылдар бойы ЖОО арасында көшбасшыға айналып, жоғары технологиялық компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға белсенді үлес қосып жатқанын мақтанышпен айтып өту керек.
 
Қазіргі уақытта университет пен «ССКӨБ» АҚ-мен өзара тиімді серіктестік келесі бағыттар бойынша даму үстінде.

Олар:

«ССКӨБ» АҚ қаражаты есебінен оқитын студенттер мен магистранттардың санын арттыру; 🟢

 «ССКӨБ» АҚ атаулы стипендиялары мен гранттарын құру;

 ЖОО-ның қолданыстағы материалдық-техникалық базасын дамыту және жаңа зертханалар құру;

 жастар кәсіпкерлігін қолдау;

 дуалды оқытуды дамыту және кейіннен кәсіпорында жұмысқа орналастыру үшін студенттерді кәсіптік практикадан өтуге жіберу; 🟢

 білім алушылардың практикалық дағдыларын аккредиттеу жөніндегі Сараптамалық кеңестердің жұмысын жалғастыру; 🟢

 техникалық мамандықтар студенттерінің IT құзыреттілігін арттыру бойынша құзыреттер орталығын құру және т.б.
 
Ынтымақтастық бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізу және кәсіпорынның тапсырыстары бойынша шаруашылық келісімшарттық тақырыптарды орындау саласында да жүзеге асырылады. Осы бағыт бойынша Металлургия және тау-кен ісі жоғары мектебінің ғалымдары белсенді жұмыс істейді. Оған қоса олар ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу технологиясын жетілдіруге бағытталған зерттеулерді орындаумен айналысатынын атап өту керек.
 
Тау-кен массасын контейнерлік жеткізу бойынша әзірленіп жатқан технологияның басты ерекшелігі – қолданылатын жабдықтың құрылымдық қарапайымдылығы және оны тікелей тау-кен кәсіпорнының негізінде жасау мүмкіндігінде жатыр. 

Аршыма тау жыныстарын контейнерлік жеткізу және үйінді жасау кезінде карьерлік көтергіш машиналарды пайдалану қажетті жер телімін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ карьерде тау жыныстарын көтеруге ең аз шығындармен тығыз жоғары үйінді қалыптастыруға ықпал етеді.

Ғылыми зерттеудің келесі бағыты уақытша ішкі үйінділерді құру арқылы тау-кен жұмыстарын реттеу технологиясын жасау болып табылады. Зерттеу жүргізу үшін ЖОО-да бар мамандандырылған жабдықтың көмегімен аршыма тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттері анықталады. Атап айтқанда, тау-кен массасының химиялық құрамы рентген-флуоресцентті спектрометрдің көмегімен анықталады: табиғи еңіс бұрышы өлшенеді, қопсыту коэффициенті және тиімді техникалық шешімдерді әзірлеу үшін басқа да қажетті параметрлер есептеледі. Жоғарыда аталған жаңа технологиялар «ССКӨБ» АҚ мамандарымен бірлесіп әзірленуде және осы кәсіпорында енгізілетін болады.
Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаған ұлы ғалым Әлкей Марғұлан бір сөзінде: «Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді», - деген болатын. Ғылымның дамып, серіктестіктің нығайып, отандық зерттеулердің жандануына мұрындық болып жатқан Рудныйлық әріптестердің еңбектеріне табыс, алға қойған мақсаттарына сәттілік серік болсын!, - деп жазды министр Саясат Нұрбек.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға