Жаңалықтар

Қазақстандық футболшыға еуропалық клубтар көз тікті

Қазақстандық футболшыға еуропалық клубтар көз тікті
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 23.11.2023 14:02 930

Футболдан Қазақстан құрамасының футболшысы Максим Самородов еуропалық клубтардың қызығушылығын оятты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Клубтардың скауттары Еуро-2024 аясында Қазақстанның Словениямен өткізген ойынына қатысқан. Бұл туралы Италияның басылымдары жазды.

Словения мен Қазақстан арасындағы матчты «Стожице» стадионынан Австрияның «Рапид» пен Италияның «Торино» клубтарының скауттары тамашалайды. Олардың басты назары «Ақтөбенің» шабуылшысы Максим Самородовқа ауады, - делінген.

«Торино» клубы Италияның А сериясында өнер көрсетеді, ал «Рапид» Австрияның Бундеслигасында ойнайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға