Жаңалықтар

Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогында жүлдегер атанды

Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогында жүлдегер атанды
Фото: ҚР ҰОК 04.12.2023 09:13 580

Қазақстандық фристайлшы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласындағы Әлем кубогының кезеңінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фристайл-акробатика финалында Алдабергенова 77.43 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Алтын медаль канадалық Марион Теноға бұйырса (99.05 ұпай), екінші орынға Даниель Скотт жайғасты (88.47 ұпай). Финалға 12 спортшы өткен.

Акробатикада еліміздің атынан Ардана Маханова мен Аяна Жолдас та бақ сынаған, алайда Маханова 21-орынды қанағат тұтса, Жолдас іріктеуден әрі аса алмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға