Жаңалықтар

Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогында топ жарды

Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогында топ жарды
Фото: ҚР ҰОК 10.12.2023 13:28 649

Қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогы кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде отандық спортшы 83.47 ұпаймен бірінші орын алды.

Екінші орынға Канада өкілі Александра Монтмини (65.45 ұпай), үшінші орынға америкалық Амелия Глоговски (62.14) табан тіреді.

Қазіргі уақытта 28 жастағы Ж.Алдабергенова Шаңғы спортынан халықаралық федерацияның 260 ұпайына ие.

Айта кетейік, Алдабергенова бұған дейін Рукада өткен Әлем кубогы кезеңінде де жүлде алған болатын. Ол 77.43 балмен қола медаль еншіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға