Жаңалықтар

Қазақстандық фермерлер жеңілдікпен техника сатып ала алады

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті
Қазақстандық фермерлер жеңілдікпен техника сатып ала алады
Фото: gov.kz 09.12.2022 20:49 870

Тұқымға арналған тазалау техникасының ең ірі өндірушісі қазақстандық фермерлерге техниканы жеңілдікпен жеткізетін болады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл келісімге вице-министр Әбілхайыр Тамабек бастаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясы мен «PETKUS» компаниясының басшысы Марк Шольцемен болған келіссөздер кезінде қол жеткізілді.

«PETKUS» - тұқымдарды тазарту техникасын, тұқымдарды дайындау, астықты өңдеу және сақтау жөніндегі жабдықтарды сатумен айналысатын халықаралық компания. Биыл компания 170 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Сонымен қатар, «PETKUS» басшылығы тұқым шаруашылығындағы заманауи технологиялар бойынша қазақстандық мамандарға консультациялық қолдау көрсетуге, сондай-ақ бірлескен оқыту семинарларын өткізуге дайын екендігін атап өтті.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі әлемдегі ең ірі селекциялық техника өндірушісі «Wintersteiger AG» басшылығымен отандық тұқым өсірушілерге арналған жабдықты жеткізудің тиімді шарттары туралы келісім жасаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға