Жаңалықтар

Қазақстандық екі спортшы әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық екі спортшы әлемдік рейтингте көш бастады
Фото: Коллаж El.kz 25.12.2023 18:00 3345

Еркін күрес шебері Жәмила Бақбергенова мен Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың ең үздік спортшысының бірі – Жәмила Бақбергенова. 27 жастағы жерлесіміз үш рет қатарынан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген алғашқы отандық балуан. Ол өз салмағынан бөлек олимпиада бағдарламасына кіретін 76 келі салмақта күресіп, жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді. Бүгінде әлемдік рейтингте көш бастап тұрған отандық балуанның бірі.

Биыл бес үлкен жарысқа қатысып, бесеуінде де медальға қол жеткізді (3 алтын, 1 күміс, 1 қола). Ол әйелдер күресінен әлем чемпионатында қола, жазғы Азия ойындарында күміс, Азия чемпионатында алтын, Венгрия және Қырғызстан елінде өткен әлемдік рейтингтік турнирлерінде топ жарды. 2023 жылғы UWW жарыстарында 17 белдесу өткізіп, оның 15-інде де жеңіске жетті және 2 белдесуде ғана жеңілді. Үш жыл қатарынан әлем чемпионатында жүлде алған тұңғыш Қазақстан спортшысы болып тарихта қалды.

Үздік балуандар тізбегінде еркін күрестен әлем чемпионы 92 келіде Ризабек Айтмұхан да бар. Ол еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Ол Белградтағы әлем чемпионатында 92 келі салмақта топ жарды. Жуырда бас бапкер балуанның олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысқанын мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға