Жаңалықтар

Қазақстандық екі боксшы Сауль Альварестің кардында жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық екі боксшы Сауль Альварестің кардында жекпе-жек өткізеді
Фото: instagram.com/amankul.abilkhan / instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli 20.04.2023 13:57 489

6 мамыр күні Мексиканың Гвадалахара қаласында өтетін мексикалық Сауль (Канело) Альварес пен ағылшын Джон Райдер арасындағы жекпе-жектің кардында екі боксшымыз өнер көрсетеді.

Олар – Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) пен Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО). Бектің қарсыласы венесуэлалық Аргенис Эспана (15-1, 14 КО) болса, Әбілхан мексикалық Хесус Паломареспен (7-2-1, 4 КО) өзара кім мықтыны анықтайды.

Кездесулер сегіз раундқа есептелген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Suleimen Promotions (@suleimen_promotions_official)

Нұрмағанбет пен Аманқұл бұған дейін шаршы алаңға 15 сәуір күні Помонада (Калифорния штаты, АҚШ) шыққан. Бек венесуэлалық Эбер Рондонды (20-4, 13 КО), Әбілхан мексикалық Даниэль Эчеверрианы (21-12, 18 КО) ұтты.

Бұған дейін Нұрмағанбет «Канеломен» достығы жайлы айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға