Қазақстандық дзюдошылар Тәжікстандағы Grand Slam-де бақ сынайды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
30.04.2025 08:31
912
Ауқымды халықаралық жарыс 1-3 мамыр күндері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің намысын сегіз спортшы қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметіне сәйкес, медаль үшін төмендегі дзюдошылар күреседі:
- Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін)
- Алдияр Қарағұлов (60 келіге дейін)
- Нұрмұхаммет Ботабай (66 келіге дейін)
- Ықылас Әлсейіт (73 келіге дейін)
- Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін)
- Досхан Жолжақынов (81 келіге дейін)
- Ермұхан Естай (100 келіге дейін)
- Мұхаммедәли Мавлидов (100 келіге дейін)
Жалпы аталмыш турнирге 200-ден астам спортшы қатысады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Сауд Арабиясы қажылық ережелерін бұзғандарға жазаны қатаңдатты
Келесі жаңалық
Таиландта жұмысшылар 1300 жылдық тарихы бар қазына тапты