Жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиден 3 қола жүлдемен қайтты

Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиден 3 қола жүлдемен қайтты
Фото: instagram.com/qaz_team_official 13.10.2024 23:08 550

Абу-Дабиде аяқталған Гранд Слэм турнирінің соңғы күнінде Қазақстан дзюдошылары жалғыз қолаға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әйелдер арасында +78 келіде белдескен Назгүл Маратқызы аталған сында үздік үштікке еніп, өз мансабындағы алғашқы ірі жүлделерінің біріне ие болды. Ол іріктеу кезеңінде командалық әріптесі Карина Такиевамен белдесіп, басым түсті. Алайда жартылай финалда франциялық Коралие Хаймемен белдесуде осалдық танытып, қола үшін күресуге мүмкіндік алды. Ал үшінші орын үшін күресте Карина ресейлік Анастасия Холодилинадан айласын асырды. 

Өз кезегінде Карина Такиева жұбаныш белдесуінде өзбекстандық спортшыны ұтқан еді. Алайда қола үшін күресте хорват дзюдошысы Хелена Вуковичтен ұтылып қалды. 

Ерлер арасында -100 келіде Әділет Сапарғалиев жарысты сәтті бастап, ширек финалға дейін жеткен еді. Бірақ ол жартылай финалға шығар белдесуде Ресей спортшысына жол берді, ал жұбаныш кездесуінде Нидерланд өкіліне есе жіберді.

Аталған сында бұған дейін отандық татами шеберлері екі қола иеленген болатын. Әйелдер арасында Абиба Әбужақынова қола жүлде алса, ерлер арасында 60 келіде белдескен Дәурен Сүйеукенов үшінші орын күресте командалық әріптесі Мағжан Шамшадинді ескертумен ұтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға