Жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде күміс жүлде иеленді

Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде күміс жүлде иеленді
Фото: instagram.com/kaz_judoteam 27.10.2023 01:00 763

Камила Берліқаш дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam жарысының күміс жүлдесіне ие болды.

Дзюдо федерациясының мәліметінше, финалдық белдесуде ол португалиялық Рушель Нуньеспен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.

Камила Берліқаш жарыс кезінде 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде барлығы 4 кездесу өткізді. Іріктеу кезеңінде Ивана Сутало (Хорватия), Джованна Сантосты (Бразилия) айқын басымдықпен ұтып, өз тобынан үздік шықты. Ал жартылай финалда Ерика Симонеттиден (Италия) басым түскен болатын.

Айта кетерлігі, Камила Берліқаш Қазақстан дзюдо тарихында дзюдодан әйелдер арасында Grand Slam жарысының финалына шыққан тұңғыш қазақстандық дзюдошы атанды. (Осыған дейін Grand Slam кезеңінің финалынында Қазақстан құрамасынан тек Галбадрах Отгонцэцэг (2016) күрескен).

Абу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысында барлығы 77 елден 440 спортшы бақ сынауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға