Нью-Йоркте АҚШ-тағы ең көне әрі ең беделді 48-ші «Asian American International Film Festival» өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл фестивальдің деректі кино бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінен бар-жоғы 12 картина ұсынылған және оның үшеуі ғана номинцияға ілікті.
Отандық «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» атты деректі фильмі Sikay Tang Critical Lens Award жүлдесін жеңіп алды. Бұл сыйлық көрнекті режиссер және монтаж шебері Сикай Тангтың құрметіне аталған және әлеуметтік және мәдени тақырыптарды терең зерттелген деректі картиналарға беріледі. Жүлде небәрі екінші жыл табысталып отырғанымен, AAIFF деректі бағдарламасының ең беделді марапаттарының бірі саналады.
Режиссер Алина Мустафинаның туындысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген.
«Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» картинасында үш буын өкілі автобиографиялық сапарға аттанады. Әйелдер Қазақстаннан Татарстанға, кейін Польша асып түп-тамырын, ата-бабасын іздейді.
Бұл жоба бұған дейін де халықаралық деңгейде бағаланған. Туынды Пусан халықаралық кинофестиваліндеәлемдік премьерасы, Турин кинофестивалінде еуропалық премьерасы өтті, «Бастау» фестивалінде (Қазақстан) «Үздік дебют» жүлдесін алды, Тегерандағы Cinema Verite фестивалінде «Үздік фильм» Гран-приін иеленді. Сондай-ақ Bolzano Film Festival Bozen (Италия) және ORAI Festival (Абай, Қазақстан) арнайы көрсетілімдеріне ұсынылды.
AAIFF 1978 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Азиялық және азия-америкалық кинематографистер үшін маңызды алаң саналады. Бұл фестиваль әлемге ерекше оқиғаларды паш етіп, жаңаша көркемдік көзқарас қалыптастырады.
Қазақстандық деректі фильм Нью-Йорк фестивалінде жүлделі болды
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары