Жаңалықтар

Қазақстандық делегация Қытайда бірнеше сала бойынша екіжақты әріптестікті дамыту туралы кездесу өткізді

Қазақстандық делегация Қытайда бірнеше сала бойынша екіжақты әріптестікті дамыту туралы кездесу өткізді
Фото: ИИДМ 07.07.2023 14:49 780

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев бастаған еліміздің делегациясы ресми іссапармен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапар аясында қазақстандық делегация бірнеше сала бойынша екіжақты әріптестікті дамытудың жолдарын талқылады. Аталған сапар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мен Қытай арасында сауда-экономикалық байланысты нығайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында өтіп жатыр. 

ҚР ИИДМ басшысы бастап барған қазақстандық делегацияның құрамында бірқатар облыстың әкімдері, Kazakh Invest ұлттық компаниясы мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның басшылары, сондай-ақ 180-ге жуық отандық компанияның өкілдері бар. Бүдан бөлек, көршілес мемлекеттің ресми өкілдері мен бизнес компаниялардың қатысуымен ұйымдастырылған іскерлік кездесуде Марат Кәрімжанұлы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. 

Қазір ҚХР-мен өзара байланысты нығайту үшін өнеркәсіп өндірісіне басымдық берілген. Мысалы, біз машина жасау мен тау-кен саласында біршама жетістікке қол жеткіздік. Сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жүктерді тасу үшінТранскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытып жатырмыз. Осы мақсатта еліміздің аумағында бірнеше ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру қажет, - деді министр.

Өнеркәсіп бағытына сәйкес қазір жалпы құны 16 млрд долларға 57 бірлескен жоба қолға алынғанАл іске асырылған жобаның саны – 16 (құны 4,4 млрд доллар). Оның ішінде шыны өндірісіне, Shandong Lovol тракторларын құрастыру мен Youtong Bus автобустарын шығаруға байланысты бірлескен жобалар қамтылған.Одан басқа қазір құны шамамен жарты млрд долларға 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Тағы қосымша құны 11 млрд долларға жететін 32 жобаны жүзеге асыру тетіктері пысықталып жатыр.

Бейжіңге жасаған сапарында ҚР ИИДМ басшысы Shanghai Delong Steel Group компаниясының өкілдерімен кездесіп, тау-кен саласында өзара тиімді қарым-қатынасты арттырудың мәселелерін талқылады. Бұл компания ҚХР-да ірі металлургиялық компаниялардың қатарына кіретінін айта кетейік. Shanghai Delong Steel Groupбасшылары елімізде бірлескен жобаларды іске асыруға ынталы екендерін жеткізді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға