Жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Қазақстандық боксшылар қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 14.05.2023 21:30 1262

Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін қазақстандық боксшылар қомақты қаржылай сыйақы алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Финалға 5 қазақстандық боксшы шықса, олардың төртеуі әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін әлемдік турнир жеңімпаздарына IBA-ден 200 мың доллардан сыйақы берілетіні айтылған.  

Ташкенттегі турнир чемпиондарына Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев өз атынан тағы 100 мың доллар беретінін айтқан.

Сонымен, 2023 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен және жүлдегер атанған боксшылар:

  1. Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақта чемпион) - 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
  2. Махмұд Сабырхан (54 келіге дейінгі салмақта чемпион) - 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
  3. Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейінгі салмақта чемпион) - 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
  4. Нұрбек Оралбай (80 келіге дейінгі салмақта чемпион) - 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
  5. Дулат Бекбауов (67 келіге дейінгі салмақта вице-чемпион) - 100 мың доллар (шамамен 44,6 миллион теңге).

Айта кетейік, ширек финалда бокстасқан Серік Теміржанов (57 келіге дейін) пен Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден астам) та сыйақы алады. Себебі халықаралық ұйым бестікке енгендер 5 мың доллардан сыйақы алатынын мәлімдеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға