Жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Бакудегі турнирге қатысады

Қазақстандық боксшылар Бакудегі турнирге қатысады
Фото: ҚР ҰОК 19.03.2024 12:35 447

23 наурыз күні Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан халықаралық турнир өтеді.  Бір аптаға созылатын бәсекеге Қазақстан боксшылары да қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, оннан астам елден 100-ден аса боксшы қатысатын турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Турнирге қатысатын Қазақстан боксшылары:

48 келі: Теміртас Жүсіпов

51 келі: Дамир Әбдіқадыр

54 келі: Тимур Қабешов

60 елі: Талғат Сырымбетов

63,5 келі: Серік Теміржанов

67 келі: Бақтияр Смағұлов

71 келі: Дархан Дүйсебай

75 келі: Тимур Нұрсейітов

86 келі: Бекзат Таңатар

92 келі: Сағындық Тоғамбай

92+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Жаттықтырушылар: Мырзағали Айтжанов, Марат Жақиев, Азамат Мақажанов, Нұржан Насанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға