Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы WBO нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» атанды

Қазақстандық боксшы WBO нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» атанды
Фото: instagram.com/meiirim.nursultanov 13.10.2023 15:33 817

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Боксшының сөзіне қарағанда, марапаттау рәсімі Доминикан Республикасында өткен конференцияда болды. Нұрсұлтанов бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

Қазақстандық боксшы WBO нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» атанды

Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) қазір кезекті айқасына дайындалуда. Ол оқу-жаттығу жиындарын Ақтау қаласында өткізіп жатқанын бұған дейін хабарлағанбыз. Ал қарсыласының есімі әзірге нақтыланған жоқ.

Нұрсұлтанов бұған дейін шаршы алаңға сәуір айында шығып, Оңтүстік Кореяда өткен айқаста жапон Кадзуто Такесаконы (15-0-1, 14 КО) нокаутпен ұтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға