Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық турнирдің финалына шықты

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық турнирдің финалына шықты
Фото: Instagram.com/nazym_kyzaibay09 03.02.2024 09:48 688

Қазақстан әйелдер құрамасының 9 боксшысы Испанияда өтіп жатқан Boxam Elite-2024 турнирінде финалда бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирдің жартылай финалында Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Гүлсая Ержан (75 келі) жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек нәтижесі:

Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) - Клара Кортес Фернандес (Испания) - 4:1

Назым Қызайбай (Қазақстан) - Лаура Фуэртес Фернандес (Испания) - 5:0

Жазира Орақбаева (Қазақстан) - Ираче Валс дель Валле (Испания) - 5:0

Әнел Сақыш (Қазақстан) - Ханна Лакотар (Венгрия) - 4:1

Мадина Нұршаева (Қазақстан) - Лаора Капицци (Бельгия-1) - 5:0

Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Аид Джордж (Тринидад және Тобаго) - 4:0.

Сондай-ақ финалда Қазақстаннан Аида Әбікеева (63 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) өнер көрсетеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға