Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы қыз ширек финалға өтті

Қазақстандық боксшы қыз ширек финалға өтті
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 06.03.2024 16:01 583

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыста 60 келідегі Римма Волосенко үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерлесіміз Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейродан қарағанда жылдам қимылдап, дәл соққыларын дарыта білді. Сондай-ақ Римма 2-раунд барысында қарсыласын нокдаунға да жіберді.

Енді отандасымыз ширек финалдық айқасын 7 наурыз күні өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға