Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен ұтты

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен ұтты
Фото: Видеодан кадр 22.07.2023 19:09 978

Эдинбургтегі (Шотландия) Meadowbank Sports Centre спорт кешенінде кәсіби бокс кеші өтті, онда қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (14-0, 10 КО) өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерлесіміз испан Джон "дауыл" Картермен (15-0-1, 7 КО) өзара жекпе-жек өткізді. Екінші жеңіл салмақта өткен айқас он раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Зауырбек қарсыласына еш амал қалдырмады.

Сұлтан Зауырбек үшін бұл жеңіс кәсіби мансабында он бесінші болды, ал Джон Картер рингте бірінші рет жеңіліске ұшырады.

Зауырбек WBO European чемпионы екенін қосайық.

Картерге келетін болсақ, ол бұрын Испания чемпионы болған және EBU European Union белбеуін жеңіп алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға