Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Колумбияда қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Колумбияда қарсыласын нокаутқа түсірді
Фото: instagram.com/nurim.d 12.02.2024 09:04 327

Қазақстандық боксшы Ділшат Нұрым (8-1, 5 КО) Санта-Мартада (Колумбия) өткен бокс кеші аясында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Нұрымның қарсыласы жергілікті Овер Патернинья (1-10, 1 КО) болды.

Айқас қазақстандық боксшының мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталдц.

Ділшат Нұрым үшін бұл Колумбиядағы дебют саналады, бұған дейін ол жекпе-жектерін елімізде, Өзбекстан мен Әзербайжанда өткізген.

Оның бұған дейінгі айқасы Бакуде былтырғы 25 желтоқсанда өтіп, екінші раундта жергілікті Агаджан Даргаховты (0-1-2) нокаутпен жеңді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға