Жаңалықтар

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 2 медаль жеңіп алды

Александрияда күрес түлерінен «Ибрахим Мұстафа» рейтингтік турнирі өтуде
Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 2 медаль жеңіп алды
Фото: @drs_kz/ 26.02.2023 15:05 904

Қазақ балуандары халықаралық турнирде тағы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.  

Александрияда (Египет) күрес түлерінен «Ибрахим Мұстафа» рейтингтік турнирі жалғасуда.

Бір күн бұрын Қазақстан құрамасының қоржынына 2 медаль қосылды.

Әйелдер күресінен Марина Седнева (55 келі) қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін белдесуде ол Үндістаннан келген қарсыласын жеңді.



Юсуп Батырзаев (125 келі) еркін күрестен қола жүлдегер атанды. Ол 3-орынға белдесуде АҚШ-тан келген қарсыласын жеңді.

Бүгін турнирде «еркін күрес шеберлері» 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92 салмақтарында үздіктерді анықтайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға