Жаңалықтар

Қазақстандық балуандар халықаралық сайыста топ жарды

Қазақстандық балуандар халықаралық сайыста топ жарды
Фото: © El.kz 10.08.2023 23:18 1019

Беларусь елінде өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ойындарында еркін күрестен отандық спортшылар 4 жүлдені иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солигорск қаласында өткен еркін күрестен бәсеке барысында қазақстандық балуандар 3 күміс, 1 қола алды.

Халықаралық жарыста ел құрамсынан Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі), Арсен Өміржан (79 келі) финалда ресейлік балуан Начын Монгуш пен Магомед Магомаевтан жеңіліп, күміс медаль алды.

Ал Мақсат Сатыбалды (86 келі) финалда әзербайжан балуаны Арсений Джиоевке есе жіберіп, тағы бір күміс медаль алды.

Сондай-ақ Омархан Надиров (125 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға