Жаңалықтар

Қазақстандық балуандар Будапешттен табысты оралды

Қазақстандық балуандар Будапешттен табысты оралды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 17.07.2023 06:27 704

Венгрияның астанасы Будапешт қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен төртінші рейтингтік турнир аяқталды.

Соңғы күні грек-рим күрес шеберлері 7 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, біздің балуандарға жүлде бұйырмады. ​Ұлттық құрама сапынан қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алған балуанымыз Данияр Қаленов (72 келі) түрік Селчук Каннан есебімен ұтылып, қолда тұрған қоладан айрылып қалды. 67 келіде белдескен Дін-Мұхамед Қошқар мен 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсыновтар жұбаныш белдесулерінде румын және әзербайжан балуандарына есе жіберді.

Осылайша грек-рим күресі балуандары бұл жолғы рейтингтік турнирді 1 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтаса, қыздарымыз 1 алтынмен қорытындылады. Еркін күрес балуандарының еншісінде 2 күміс, 5 қола жүлде бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға