Жаңалықтар

Қазақстандық балуан қыздар Түркиядағы турнирде алты медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан қыздар Түркиядағы турнирде алты медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК 09.03.2024 16:09 636

Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен дәстүрлі халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы екі күміс,  төрт  қола медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР ҰОК мәліметінше, жалпы есепте Қазақстан командасы 122 ұпаймен жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады. 

Екінші күні бозкілемге шыққан қыздар арасында 62кг салмақта Ирина Кузнецова финалға шығып, финалда қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбековаға есе жіберіп күміс медаль алды. 

Гулдана Бекеш (59 кг), 68кг Елена Шалыгина (68 кг), Шамшиябану Тастанбек (72 кг) қола жүлдегер атанды. 

Жарыстың алғашқы күні Эльмира Сыздықова (76 кг) күміс, Эмма Тисина (57 кг) қола медаль алған болатын

Жалпы командалық есепте Жапония 135 ұпаймен бірінші орын. Моңғолия 133 ұпаймен екінші орын иеленсе, Қазақстан 122 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға