Жаңалықтар

Қазақстандық балуан қыз Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық балуан қыз Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Фото: ҚР ҰОК 30.06.2024 05:22 753

Иорданияда өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, әйелдер күресінен 62 келі салмақта сынға түскен Тыныс Дубек күміс медаль иеленді. 

Айналмалы жүйе бойынша өткен турнирде ол үндістандық Нитикадан екі рет жеңілді. 

Айта кетелік, Тыныс Дубек 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түскен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға