Жаңалықтар

Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан төлем түсе бастады

Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан төлем түсе бастады
Фото: © Pixabay.com 31.01.2024 21:19 647

1 ақпаннан бастап қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балаға есептелетін соманы біле алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Толық мәліметті kids.enpf.kz сайтында көре аласыз. Яғни ЖСН-ді теру арқылы баланың бағдарламаға қатысатынын не қатыспайтынын тексеруге болады.

2006 жылы және одан кейін туған барлық балалар жыл сайын Қазақстан Республикасы ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызын алатын болады. Табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташа есеппен алынады. Барлық бала есепті жыл үшін бірдей сома алады.

Қызмет қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр және әрқайсысына шамамен 100 доллар, яғни шамамен 45 мың теңге есептелгенін көрсетті.

Ақпарат алу үшін баланың ЖСН енгізіп, «тексеру» түймесін басу қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға