Жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 12.05.2023 15:08 793

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы барлық алты мүмкіндігін сәтті пайдаланып, тамаша өнер көрсетті. 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ауыр атлет қоссайыс қорытындысы бойынша 400 келіні бағындырды.

Жұлқа көтеруді 173 келімен бастап 181 келімен аяқтап, кіші күміс жүлдеге ие болса, серпе көтеруде 210 одан кейін 215 келіні бағындырды. Ал үшінші мүмкіндігінде 219 келіні басынан асырып, 400 келіні еңсерді. 

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы үшін бұл – турнирдегі алғашқы алтын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qazaqstan sport committee (@committee_sport)

Азия чемпионаты 13 мамырда аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға