Жаңалықтар

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері тоқал алды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері тоқал алды
Фото: offside.kz 21.01.2024 14:05 7507

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортының шебері (ММА) Мұратбек Қасымбай екінші әйел алды, деп хабарлайды offside.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жаңалығымен спортшының өзі Instagram парақшасында бөлісіп, тіпті фото жүктеген. Тек ондағы суретте әйелінің түрін жасырып қойған.

«Сүйінші! Тоқал алдым» деп жазды жекпе-жек шебері.

Екінші әйел алу стратегиясы ММА әлемінде жаңалық емес. 2021 жылы Жалғас Жұмағұлов та екі жұбайы бар екенін мәлімдеген еді.

Еске салсақ, Мұратбек Қасымбай өзінің соңғы жекпе-жегінде "Наше Дело" лигасының Гран-при иегері, тәжірибелі Александр Грозиннен төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға