Жаңалықтар

Қазақстандық Александр Недовесов әлемнің 45-ракеткасы атанды

Қазақстандық Александр Недовесов әлемнің 45-ракеткасы атанды
Фото: © ҚТФ 24.07.2023 16:14 378

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ден 26-орынға көтерілді.

Тимофей Скатов 134-тен 136-ға, Михаил Кукушкин 223-тен 229-ға, Бейбіт Жұқаев 242-ден 270-ке төмендеді.

Оқи отырыңыз:

Жұптық сында алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанған Александр Недовесов 53-тен 8 саты жоғарылап, әлемнің 45-ракеткасы атанды. Бұл – оның үздік көрсеткіші. Недовесов осыған дейін 48-орыннан аса алмап еді.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Үздік үштік өзгеріссіз қалған: бірінші орында польшалық Ига Швёнтек, одан кейін беларус Арина Соболенко және Қазақстан өкілі Елена Рыбакина. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екі орын жоғары көтеріліп, 58-орынға жайғасты.

Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина 25-орында, Рыбакина – 107. Жібек Құламбаева жеті орын жоғарылап, 179-орында тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға