Жаңалықтар

Қазақстандық 416 ғалым шетелде тағылымдамадан өтіп жатыр

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті
Қазақстандық 416 ғалым шетелде тағылымдамадан өтіп жатыр
Фото: sn.kz 09.11.2022 15:06 743
416 қазақстандық ғалым «Болашақ» бағдарламасы бойынша үздік шетелдік жоғары оқу орындары мен әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында «Ғалымдар» санаты бойынша тағылымдамадан өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz
 
Отандық ғалымдар бағдарлама шеңберінде әлемнің 24 еліндегі 148 жетекші ғылыми орталықта, ЖОО мен салалық ұйымда зерттеудер жүргізуде. Қазақстандықтар жиі таңдайтын елдердің қатарында АҚШ пен Ұлыбритания бар. Ғалымдар Колумбия университеті, Лондондағы Империал колледжі, Джон Хопкинс университеті, Макс Планк институты және т.б. жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.
 
«Қазақстандық ғалымдардың халықаралық зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін мемлекеттің қолдауымен грант алуға мүмкіндігі бар. Осы мақсатта жыл сайын 500 грант бөлінеді. Қазіргі кезде ғалымдарды іріктеу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп, ғылыми тағылымдамалардың сапалы бағдарламаларын әзірлеу үшін отандық ЖОО-лар мен ғылыми орталықтарға шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға көмектесіп жатырмыз», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
 
Қазақстандық мамандар робототехника, жасанды интеллект, ақпараттық киберқауіпсіздік, криптография, нанотехнологиялар және т.б. сұранысқа ие мамандықтар бойынша тағлымыдамадан өтіп жатыр. Жалпы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағлымдамадан өтуге арналған тізімге 158 мамандық кіреді.
 
Айта кетейік, биылғы жылы үміткерлерге қойылатын талаптар мен құжат қабылдау мерзімдері туралы ақпарат қосымша жарияланады. Сондай-ақ Ғылым комитеті 1 мыңнан аса ғалымның ғылыми жобалардан кету себебін түсіндірген болатын.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға